Данияр Шамшаев Ташкентте жартылай финалға шықты

Данияр Шамшаев Ташкентте жартылай финалға шықты
Дзюдо

Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam жарысының екінші күнінде қазақ балуаны Данияр Шамшаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол 73 келіге дейін салмақта күресіп жатыр. Іріктеу кезеңінде қырғыз және словениялық балуандарынан басым түссе, ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековтің осал тұсын тапты.

Енді жартылай финалда тағы бір Ресей спортшысымен кездеседі.