«Қайрат» чемпионатты сәтті бастады

«Қайрат» чемпионатты сәтті бастады
Футбол

Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы турда Алматының «Қайраты» өз алаңында Петропавлдан келген «Қызылжардан» басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Былтыр төртінші және бесінші орын алған командалар биыл сол жетістігін жақсартуға күш салады. Сондықтан жанкүйерлер бұл кездесуден тарысты ойын күтті. Бірінші таймның соңғы жағында қонақ команданың қорғаушылары қателесіп, Жоао Пауло есеп ашты. Үзілістен кейін Тимур Мульдинов таразы басын теңестірген. Дегенмен, Әли Әлиевтің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. «Қайраттың» мақтаулы жаңа трансфері Гиорги Зариа 71-минутта жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

«Қайрат» (Алматы) – «Қызылжар» (Петропавл) – 2:1

Голдар: Жоао Пауло, 42 (1:0). Тимур Мульдинов, 63 (1:1). Гиорги Зария, 71 (2:1).

«Қайрат»: Данил Устименко (Қ), (К), Иброхимхалил Юлдошев, Лука Гадрани, Офри Арад, Александр Широбоков, Александр Мрынский (Егор Ткаченко, 70), Әділет Садыбеков, Гиорги Зария, Дмитрий Сергеев, Жоао Пауло, Элдер Сантана;

«Қызылжар»: Джурахон Бабаханов (Қ), Зоран Нижич, Брайан Ван Дер Богарт, Владислав Сорокинс, Ардақ Сәулет, Рафаэль Сабино, Евгений Березкин, Шоқан Абзалов, Лука Имнадзе, Тимур Мульдинов, Борис Смилянич (Ираклий Бугридзе, 86);

Бас төреші: Александр Затула (Өскемен).