Грекиямен ойынға қатысатын футболшылардың нақты тізімі жарияланды

Грекиямен ойынға қатысатын футболшылардың нақты тізімі жарияланды
Футбол

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алу үшін плей-офф сатысында Грекиямен кездесуіне қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабардайды Bassport.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы Грекияға қарсы матчқа шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.Бұл тізімге 26 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат») Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана») Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер,

Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі,

Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі,

Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы,

Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.