«Астана» әупірімдеп жүріп жеңді

«Астана» әупірімдеп жүріп жеңді
Футбол

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші турында елорданың «Астана» клубы әупірімдеп жүріп, Талдықорғанның «Жетісу» клубынан басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Матч тағдыры 87-минутта шешілді. Оған дейін гол болған жоқ. «Астана» сапынан Ян Вороговский есеп ашса, 92-минутта Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді «Астана» 31 тамызда «Елімаймен» кездессе, 30 наурызда «Атыраумен» ойнайды.