Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды
Күрес

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.