Батырхан Төлеуғали Олимпиадаға іріктеу турнирінде жартылай финалға шықты

Батырхан Төлеуғали Олимпиадаға іріктеу турнирінде жартылай финалға шықты
Басқа

Санаулы сәттер бұрын Батырхан Төлеуғали Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтты, деп BasSport.kz хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды.


Енді Ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.