Олимпиадаға іріктеу: Жансель Дениз жеңіліп, 20 жастағы Самирхон Абабакиров жолдамаға иелік етті

Олимпиадаға іріктеу: Жансель Дениз жеңіліп, 20 жастағы Самирхон Абабакиров жолдамаға иелік етті
Басқа

Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан соңғы лицензиялық турнир аяқталды. Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты.

Осылайша, 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ.

Айта кетелік, іріктеу сынында Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді. Кешегі жарыс күнінде Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.

Ал ұлттық құрама көшбасшысы Жансель Дениз бен жас спортшы Мария Севастьянова жолдамадан құр қалды.