Күрестен Бішкектегі лицензиялық турнирге қатысатын балуандар түгел анықталды

Күрестен Бішкектегі лицензиялық турнирге қатысатын балуандар түгел анықталды
Күрес

19-21 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін күрестен Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын балуандар тізімі анықталды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Назарларыңызға Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін күресетін балуандар тізімін ұсынамыз.

Грек-рим күресі:

60 келі: Айдос Сұлтанғали

67 келі: Мейіржан Шермаханбет

77 келі: Демеу Жадыраев

97 келі: Олжас Сырлыбай

130 келі: Әлімхан Сыздықов.

Еркін күрес:

57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы

65 келі: Майис Әлиев

74 келі: Нұрғожа Қайпанов

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: Юсуп Батырмұрзаев

Әйелдер күресі:

50 келі: Лаура Ғаниқызы

53 келі: Жұлдыз Ешімова

57 келі: Эмма Тисина

62 келі: Ирина Кузнецова

68 келі: Елена Шалыгина

76 келі: Жәмила Бақбергенова