Қазақстан қоржынына кезекті Олимпиада жолдамасы түсті

Қазақстан қоржынына кезекті Олимпиада жолдамасы түсті
Гимнастика

Фото: Тұрар Қазанғапов

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды.

Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады.

Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды.

Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі. Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.