Metaratings Top Awards: Астанада Қазақстанның спорт жəне бизнес саласындағы үздіктері марапатталды

Metaratings Top Awards: Астанада Қазақстанның спорт жəне бизнес саласындағы үздіктері марапатталды
Басқа

Астанада Metaratings Top Awards Қазақстанның спорт жəне бизнес саласындағы алғашқы ұлттық марапаттау рəсімі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Салтанатты кешке спорт федерацияларының өкілдері, үздікі спортшылар, спорт блогерлері, БАҚ жəне бизнес өкілдері жиналды. Жүлделер 2023 жылы ең үздік болған спортшыларға, жаттықтырушылар мен менеджерлерге, командалар мен спорт федерацияларына, амбассадорлар мен букмекерлік компанияларға берілді. Бірінші кезеңде финалистерді анықтауға Қазақстанның 40 мыңнан астам азаматы қатысты, олар Metaratings Top Awards сайтында өз дауыстарын берді. Екінші кезеңде жеңімпазды Қазақстан спортының көрнекті өкілдерінен құралған қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы финалға шыққан үміткерлер арасынан таңдады. Ашық дауыс беру жəне сараптамалық дауыс беру нəтижелері бойынша жеңімпаздар белгілі болды:

• Жыл командасы – футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы;

• Жыл бапкері – Магомед Адиев;

• Жыл спортшысы (əйелдер арасында) - Елена Рыбакина;

• Жыл спортшысы (ерлер арасында) – Шавкат Рахмонов;

• Жылдың үздік спорт менеджері – Əділет Бəрменқұлов (Қазақстан футбол федерациясы);

• Жылдың спорт ұйымы – Freedom QJ League;

• Үздік спорт блогы - Спорт Шредингера;

• Үздік спорт телеарнасы – Setanta;

• Үздік комментатор – Ермұхамед Мəулен;

• Үздік спорт журналисі – Ербол Қайыров;

• Үздік спорттық БАҚ – Vesti.kz.

Премияның негізгі жүлдесін Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін Freedom Holding Corp компанияның негізін салушы жəне иесі Тимур Турлов алды. Боксшыға сыйлықты осы шараға қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген футболдан əлем чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы Марко Матерацци табыс етті.