Naiza 46: Жолдыбай – Ройл жекпе-жегі өтпейтін болды

Naiza 46:  Жолдыбай – Ройл жекпе-жегі өтпейтін болды
Жекпе-жек

Бүгін Алматыда өтетін Naiza 46 турнирі басты жекпе-жектерінің бірі өтпейтін болды. 

Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық ММА спортшысы Нұржан Жолдыбай британдық Бен Ройлмен кездесу керек болатын. 


Алайда, салмақ өлшеу қорытындысы бойынша отандасымыз қарсыласынан 2 келі ауыр болып шықты. Сондықтан бұл жекпе-жек өтпейтін болды. 

Айта кетейік, Naiza 46 турнирінде 11 кездесу өтеді. Соның ішінде бір кездесу қыздар арасында болады. 

Турнирдің басты жекпе-жегінде Фанил Рафиков пен Бонифас Силва кездеседі.