Мане футболдан әлем чемпионатына қатыспайды

Мане футболдан әлем чемпионатына қатыспайды

"Бавария" командасының және Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане "Вердермен" кездесу кезінде жарақат алып, Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды.

L'Equipe басылымының мәліметінше, ойыншының ахилес сіңірі зақымданған. 

Ағымдағы маусымда Мане "Бавария" үшін 23 матчқа қатысты. 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. 

2022 жылғы Әлем чемпионаты Катарда 20 қараша-18 желтоқсан аралығында өтеді. Бірінші матч 21 қараша күні Сенегал мен Нидерланд құрамалары арасында жоспарлануда.