“Алтын доп” иесі әлем чемпионатына қатыспайды

“Алтын доп” иесі әлем чемпионатына қатыспайды
Футбол

“Реал Мадрид” футбол клубы мен Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы, 2022 жылғы “Алтын доп” иегері Карим Бензема Катардағы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Франция ұлттық құрамасының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

“Сол аяғының төртбасты сүйегінен жарақат алған шабуылшы Карим Бензема әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Команда Каримнің тезірек сауығып кетуіне тілекші, деп жазылған”, футболдан Франция ұлттық құрамасының Twitter парақшасында.