Андрей Скабелка: “-3” деген бағаға өнер көрсетті

Андрей Скабелка: “-3” деген бағаға өнер көрсетті
Хоккей

ҚХЛ тұрақты маусымы аясындағы “Барыс” - “Спартак” кездесуінен кейін (1:4), астаналық клубтың бас бапкері Андрей Скабелка ойын туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- Матчты жақсы бастадық, жақсы гол соқтық. Ойын алдындағы кеңесте келіскеніміздей әрекет еттік. Кейін айып уақытын алып, өз ойынымыздя бұздық. Екінші кезеңде өте нашар ойнадық. Матчтың үшінші бөлігінде ойынымызға өзгеріс енгізгіміз келген, бірақ жылдам соғылған гол жоспарымыздың жүзеге асуына кедергі болды. Команда барын салды, кем құрамда ойнап жүріп қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ біз кем құрамда көп өнер көрсеттік. 14 минут деген өте көп. Грантты ерекше атап өткім келіп отыр. Жақсы қорғаушы. Өкінішке қарай, шабуылда гол соғуы керек және соға алатын ойыншылар өздерін толық көрсетпей жүр.

- Үшінші кезеңнің соңында Бракко мен Вей ойнаған жоқ. Бұл сіздің бүгінгі ойындарына қатысты ғана қабылдаған шешіміңіз бе, әлде алдыңғы матчтарды да есепке алдыңыз ба?

 - Олар бүгін “-3” деген бағаға ойнады. Бұл өткен матчтардағы ойындарын есепке ала отырып шығарылған шешім.

- Команда құрамында өзгерістер болуы мүмкін бе?

- Команданың қазіргі жағдайына ешкімнің көңілі толмайтыны анық. Өзгерістер болады, бірақ қандай және қалай болатынын әзірге айта алмаймын.