Игорь Гришин: “Ойынға құрған жоспарымыз жүзеге асты”

Игорь Гришин: “Ойынға құрған жоспарымыз жүзеге асты”
Хоккей

ҚХЛ тұрақты маусымы аясындағы “Барыс” - “Спартак” кездесуінен кейін (1:4), жеңімпаз команданың бас бапкері Игорь Гришин ойын туралы өз пікірін білдіріп, шәкірттеріне баға берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- Бүгін ойынға баяу кірдік. Ойын басында қарсыластың қарқыны күшті болды. Алға қойған жоспарымызды бірден жүзеге асыру қолымыздан келген жоқ. Қуанышымызға орай, кезең соңындағы сан басымдығын тиімді пайдаландық. Бұл бізге эмоционалды тұрғыдан күш берді. Үзілісте жігіттермен сөйлестік. Олардан қандай ойын күтетінімізді тағы бір мәрте айттық және екінші кезеңде олар мүлдем өзгеше көңіл-күймен ойнады. Содан соң бәрі біздің ойымыздағыдай жүре бастады. Нәтижесінде, жеңіске қол жеткіздік.

- Бүгін команда шайбаны бақылауда жақсы ұстады, бірақ барлық дерлік голдар қарымта шабуыл кезінде соғылды.

- Біз қорғаныстан шабуылға жылдам көшумен жұмыс істеп жатырмыз. Жігіттердің назарын шабуылдың бір соққымен аяқталуы керек екеніне аударамыз. Бүгін осылай болғаны үшін қуаныштымыз. Кейбір шабуылдарда шайба соғу қолымыздан келеді, кейде келмей жатады. Бүгін оны жасай алмадық.

- Омбыдағы үшінші бестік бүгін айдынға бірінші болып шықты. Бұл Старченко үшін арнайы жасалды ма?

- Бізде мұндай бөлініс жоқ. Жастар ойнайтын төртінші бестіктің өзі бірінші болып шыға алады. Бұл ойын жоспарына байланысты. Өткен ойында осы бестік өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Сондықтан осы матчты бастау мүмкіндігін осы бестікке тапсырдық. Ал ойын барысында бәрі өзгеріп отырады және бестіктер де әртүрлі уақытта шығады.