Әлем чемпионаты: D тобындағы соңғы ойын нәтижесі

Әлем чемпионаты: D тобындағы соңғы ойын нәтижесі
Футбол

Бразилия 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Камеруннан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport тілшісі. 


Жеңіс голының авторы шабуылшы - Винсент Абубакар,  ол екінші таймның негізгі уақытында гол соқты.


Гол соққан соң футболшы қуанғаннан футболкасын шешкені үшін сары қағаз алды. Бұл оның осы кездесудегі екінші ескертуі еді, содан кейін ол алаңнан шығарылды.


Бразилиялық қорғаушы Дани Алвес әлем чемпионаттарында ұлттық құрама тарихындағы ең қарт ойыншы атанды. Ол алаңға 39 жас 210 күнінде шықты.


Бразилия 6 ұпай жинап, G тобында бірінші орын алды.1/8 финалда құрама Корея құрамасымен кездеседі, кездесу 5 желтоқсанда өтеді.


Камерун құрамасы үш ойында 4 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.