Франция шабуылшысы тағы да бір рекорд орнатты

 Франция шабуылшысы тағы да бір рекорд орнатты
Футбол

2022 жылы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция құрамасының шабуылшысы Оливье Жиру 1/8 финалдағы Польшаға қарсы ойынында рекорд орнатты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.


Оливье Жиру Польшаға қарсы ойынның 44-минутында гол салды. Бұл оның ұлттық команда құрамында салған 52-голы болды. Оған дейін, Тьерри Анри (51) жасаған рекордты жаңартып, Франция тарихындағы ең мықты бомбардир атанды.


Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні, Астана уақытымен 01:00-де Франция ширек финалда Англия құрамасына қарсы ойнайды.