Левандовский ұлттық құрамалардағы үздік бомбардирлердің ондығына кірді

Левандовский ұлттық құрамалардағы үздік бомбардирлердің ондығына кірді
Футбол

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовский 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Франция құрамасымен ойында (1:3) пенальти тепті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 


Шабуылшы ұлттық құрама үшін 78-ші голын соқты. Бұл Левандовскийге футбол тарихындағы ұлттық құраманың барлық бомбардирлері арасында 10-шы қатарға орналасуға мүмкіндік берді.


Бірінші орында 118 голы бар португалиялық көшбасшы - Криштиану Роналду, үшінші орында 94 голы бар аргентиналық - Лионель Месси.


Польша құрамасы әлем чемпионатында 1/8 финалда жеңіліп, француздар келесі кезеңде ағылшындармен ойнайтынын еске саламыз.