Максим Мухаметов Қазақстан чемпионаты жарыс аптасының үздік ойыншысы атанды

Максим Мухаметов Қазақстан чемпионаты жарыс аптасының үздік ойыншысы атанды
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты - Pro Hokei Ligasy маусымның 13-жарыс аптасының үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Астаналық “Номад” хоккей клубының шабуылшысы Максим Мухаметов аптаның үздік ойыншысы атанды. Өткен жұмада ол командасымен бірге төрт жеңіске қол жеткізді, олардың әрқайсысында ол нәтижелі ойын көрсетті. Ол “+2” пайдалалылық көрсеткішімен 7 (4+3) ұпай жинады. Ал ол соққан шайбалардың бірі “Номадқа” жеңіс әкелді. Сондай-ақ, ол соңғы тоғыз матч бойы ұпай еншілеп келе жатқанын еске салайық.