Неймар 1/8 финалдағы үздік ойыншы атанды

Неймар 1/8 финалдағы үздік ойыншы атанды
Футбол

Бразилиялық шабуылшы Неймар Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойында үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Неймар ФИФА нұсқасы бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Оңтүстік Кореяға қарсы ойында үздік ойыншы атанды.

Бразилиялықтар матчта 4:1 есебімен ойсырата жеңіске жетті. Неймар үшін бұл матч жарақаттан кейінгі алғашқы ойын болды. Оңтүстік Корея қақпасына соққан гол Неймардың Бразилия сапындағы 76-шы голы болды. Бұл көрсеткіш бойынша рекордсмен Пелеге жетуге бір ғана гол қалды.

Еске сала кетейік, Бразлия 1/4 финалда Хорватия құрамасына қарсы ойнайды. Матч 9 желтоқсан Астана уақытымен 21:00-де басталады.