Халықаралық бокс федерациясы рейтингін жарияланды

Халықаралық бокс федерациясы рейтингін жарияланды
Бокс

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің ағымдағы нұсқасын жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Еліміздің боксшыларының рейтингін ұсынамыз:

Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орында өзгеріссіз қалды. Рейтингтің көшбасшысы - британдық Уильям Скалл, екінші орын бос, үшінші - американдық Калеб Плант. Бұл дивизиондағы талассыз әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Геннадий Головкин әлем чемпионы атанған орта салмақта үздік үштікте өзгерістер бар. Мексикалық Хайме Мунгуия үздік 15-тіктен шығып, үшінші орынға итальяндық боксшы Винченцо Гуальтиери жайғасты. Бірінші қатар бразилиялық Эскива Фалькао, екінші қатар австралиялық Майкл Зерафаға тиесілі. Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстанның тағы бір өкілі Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек бір орын төмен 14-ші қатарға тұрақтады. Әлем чемпионы – тәжікстандық Шавкат Рахимов, ал үшінші қатарда уэльстік Джозеф Кордина.