"Барыс" ойыншысының шайбасы аптаның үздік голдары тізімінде

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты тұрақты маусымның 14-аптасының үздік 10 голының тізімін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Барыс" хоккей клубы шабуылшысы Егор Петуховтың Егор Шалаповтан пас алып, "Автомобилист" қақпасына соққан шайбасы аптаның үздік голдарының тізімінде 6-орын алды. Бұл матчта астаналық клуб "Автомобилист" командасына 4:3 есебімен овертаймда есе жіберген.