Диас Гусейнов: "Мен қазақпын ғой"

Диас Гусейнов:
Хоккей

"Барыс хоккей клубының шабуылшысы Диас Гусейнов BasSport.kz сайтының жаңа "Timeout" жобасына берген кең көлемді сұхбатында өзінің ұлтына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Менің анам қазақ, ал әкем – әзербайжан. Ал негізі, өзім қазақпын ғой. 1-2 сыныптарда қазақ мектебінде оқыдым. Одан кейін 9-сыныпқа дейін орыс мектебінде білім алдым", - деп жауап берді Диас Гусейнов. 

Сондай-ақ, спортшы хоккейшілердің арасында алғаш болып таза қазақ тілінде сұхбат берді. Диас үйде де таза қазақ тілінде сөйлейтіндерін жасырып қалмады. 

"Біз отбасымызбен қазақша сөйлесеміз. Әжемнің үйінде тіптен таза қазақша сөйлейміз, себебі онда "шала қазақша" сөйлеуге болмайды", - деді спортшы сайтымызға берген сұхбатында.