Өмір бойы Қазақстанда ойнамайсың, бәрін байқап көру керек - Диас Гусейнов

Өмір бойы Қазақстанда ойнамайсың, бәрін байқап көру керек - Диас Гусейнов
Хоккей

"Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Диас Гусейнов BasSport.kz сайтының жаңа "Timeout" жобасына берген сұхбатында алға қойған мақсат-жоспарларымен бөлісіп, шетелдік лигаларда ойнауға қатысты өз көзқарасын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Ең басты мақсатым – NHL-де (Ұлттық хоккей лигасы – ред.) ойнау. Ванкуверде (Канада) болғанымда, «Филадельфия Флайерс» пен «Ванкувер Кэнакс» командалары арасындағы матчқа бардым, атмосферасы ерекше, күшті. Содан кейін алдыма міндетті түрде осы лигада ойнау керек деген мақсат қойдым", - деп айтты "Барыс" ХК шабуылшысы.

- Еуропалық лигаларда ойнауға ұсыныс болды ма? Егер ұсыныс келсе, қабылдар ма едің?

- Ұсыныс болса – жақсы. Өмір бойы Қазақстанда ойнамасың ғой. Барлық жерді көру керек. Еуропалық лигалардың да деңгейі жақсы, тіпті Құрлықтық хоккей лигасынан кем түспейді деуге болады. Швеция мен Финляндия хоккей лигаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Бапкерлердің жұмыс істеу тактикасында айырмашылықтар бар, ал командалар басшылықтарының басқаруында өзгешеліктер көп. Осылардың барлығын өз көзіммен көргім келеді, - деді Диас Гусейнов.