“Қайрат” жаңа маусымға дайындықты бастайды

“Қайрат” жаңа маусымға дайындықты бастайды
Футбол

Алматылық “Қайрат” футбол клубы 10 желтоқсаннан бастап жаңа маусымға дайындыққа кіріседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алғашқы оқу-жаттығу жиындары Бесағаштағы (Алматы) базада өтіп, 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Оның қорытындысында команда екі жолдастық кездесу өткізеді, бірақ қарсылас әлі анықталмаған.

Келесі маусымға дайындықтың басы болатын оқу-жаттығу жиынына 28 футболшы шақырылды.

Қақпашылар: Данил Устименко, Вадим Ульянов, Темірлан Анарбеков, Ефим Аитов. 

Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Сұлтанбек Астанов, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Әмірәли Оразбек, Александр Мрынский. 

Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Антон Крачковский, Еркебұлан Сейдахмет, Гүлжігіт Әліқұлов, Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев, Рүстем Эмиров, Ғалымжан Кенжебек, Әлен Айманов, Мирас Көбеев, Әліби Мұхит, Диас Көшкімбаев. 

Шабуылшылар: Артур Шушеначев. Вячеслав Швырёв, Айбар Абдулла. 

Жоао Пауло мен Маки Баньяк маусымға дайындықты жеке бағдарлама бойынша бастаса, Давид Экве жарақатынан толық айыққан соң, команда қатарына қайта қосылады.