Юрий Бабенко "Барысқа" қарсы ойынды қорытындылады

Юрий Бабенко
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында "Барыстың" өз айдынында "Ақ Барсты" (3:2 Б) жеңген матчынан кейін, қазадық клубтың бас бапкері міндетін атқарушы Юрий Бабенко командасына жеңіске жету үшін не жетіспегенін айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Ойынды ойымыздағыдай бастаған жоқпыз. Қарсыласқа басымдық беріп қойдық. Екінші және үшінші кезеңдерде жақсы өнер көрсеттік деуге болады. Бірінші кезеңде жүзеге аспай қалған сәттер матч барысы мен нәтижесіне әсер етті.

- Буллиттер соққысында қақпашыны ауыстыру серияны құтқаруға тырысып бағу ма, әлде Мифтахов жарақат алып қалды ма?

- Қақпашылардың ойынына жауапты бапкер бар. Ол өз ойындағы ойынды қақпашыдан көре алмағаннан кейін, оны Биляловқа алмастырдық.

- Бүгін Адамчук Войновтың орнына шықты. Бұл ойынға күштік әдістерді көп қосуға талпыныс па немесе Владиславтың жарақаты бар ма?

- Ол бүгінгі ойынға жүз пайыз дайын болған жоқ, сондықтан оның орнына Кирилл шықты.

- Матч барысында үш бестікпен ойнауға көштіңіздер. Мысалы, бір матчта жиырма минут бойы ойнауға Шипачевтің күші қаншалықты жетеді?

- Біріншіден, Шипачевтің айдында жиырма минуттан өнер көрсеткен матчтары көп емес. Өткен маусыммен салыстырғанда, оның ойын уақыты едәуір азайды. Ойынның соңғы бес минуты қалған сәттен бастап, үш бестікпен ойнауға кірістік. Төртінші бестік өте күрделі жұмыс атқарды. Олар командаға екі рет сан басымдығын сыйлап, кем құрамда керемет өнер көрсетті. Оларға тағар еш мінім жоқ.