"Жігіттер, бәрің де жарадыңдар!". "Барыстың" жеңістен кейінгі киім ауыстыру бөлмесінен дәстүрлі бейнежазбасы жарияланды

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында "Барыс" өз айдынында қазандық "Ақ Барсты" қабылдап, буллиттер соққысында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екі апталық үзіліс алдында қатарынан екі жеңіске қол жеткізген астаналық клуб матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмесінен дәстүрлі бейнежазба жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.