Еркін күрестен әлем кубогында екі спортшымыз бақ сынайды

Еркін күрестен әлем кубогында екі спортшымыз бақ сынайды
Күрес

10-11 желтоқсан күндері Америка Құрама штаттарында еркін және әйелдер күресінен әлем кубогы өтеді. Онда ел намысын екі спортшымыз қорғайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Үш жыл үзілістен кейін қайт ажалауын желбіретейін деп отырған әлем кубогында Азамат Дәулетбеков пен Жамила Бақбергенова Қазақстан намысын қорғайды. Олар UWW (Біріккен күрес әлемі) жұлдыздары командасында өнер көрсетеді. 

Еркін күрестен жұлдыздар құрамасы Иран және Жапония құрамаларымен бір топта болса, әйелдер күресінен жүлдызда команда АҚШ пен Қытай құрамаларымен бірге В тобында сынға түседі.