Қазақстандық зілтемірші күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық зілтемірші күміс жүлдегер атанды
Басқа

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Арли Чонтей жұлқа көтеруде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Богатада (Колумбия) өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында бүгін ауыр атлеттер 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. 

Нәтижесінде, еліміздің ауыр атлеті Арли Чонтей жұлқа көтеруде 118 келіні көтеріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, серпе көтеруден 141 келіні бағындырып 6-орын, екі сайыс нәтижесінде 259 келіні еңсеріп 4-орын алды.