Нұралы Әліп “Зенитте” қалады

Нұралы Әліп “Зенитте” қалады
Футбол

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп кәсіби мансабын әрі қарай да “Зенитте” жалғастыратын болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “СпортРадар.kz” Telegram арнасына сілтеме жасай отырып. 

Футболдан Ресей чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы “Зенит” Нұралы Әліптің “Қайратқа” тиесілі келісімшартын толық сатып алған, енді Қазақстан ұлттық құрамасы қорғаушысының барлық құқықтары ресейлік клубқа тиесілі. Жаңадан жасалған келісімшарт 4 жылға (3+1) шақталған.