Шорт-трек: Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты

Шорт-трек: Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты
Қысқы спорт

Шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің 1500 метр қашықтыққа жүгіру сынында қазақстандық Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ол аталған қашықтықты 2 минут 20 секундта жүгіріп өтіп, әлем кубогы кезеңінің келесі айналымына жолдама алды. Сондай-ақ Денис Никиша мен Нұртілек Қажғали жүлде үшін таласады.