"Томирис" қарсыласына 20 шайба соғып, ірі жеңіске қол жеткізді

Хоккей

Алматыда әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары басталып, алғашқы ойында елордалық "Томирис" командасы "Жұлдызбен кездесті. Ойын 20:0 есебімен астаналық хоккейші қыздардың еншісіне аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Томирис" командасы бірінші кезеңді өте жоғары қарқынмен бастап, қарсылас қақпасына 11 шайба соқты. Екінші және үшін кезеңдерде де астаналық спортшылар есептегі айырманы ұлғайтып, жалпы 9 шайба салды. Ольга Широкова "Жұлдыз" қақпасын бес рет дәл көздесе,  Надежда Филимонова, Лия Ивина және Анна Жуланова хет-трик авторлары атанды. Тағы 6 голды өз есебіне жазғандар: Пернеш Әшімова, Александра Голотвина, Анастасия Оразбаева (дубль), Екатерина Куценко, Дария Қожина. 
Турдағы екінші ойынын "Томирис" "Торпедоға" қарсы өткізеді.