Ел қоржынына фристайл-акробатикадан қола медаль түсті

Ел қоржынына фристайл-акробатикадан қола медаль түсті
Қысқы спорт

9-10 желтоқсан күндері Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына бір қола медаль түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас көрсеткен өнері үшін 78,12 ұпай еншілеп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Жасаған жаттығуы 86,62 ұпайға бағаланған канадалық Флави Аумонд Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, неміс спортшысы Эмма Вайс күміс медаль иеленді.