Хорватия командасы жартылай финалда

Хорватия командасы жартылай финалда
Футбол

Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/4 финалындағы матчта Хорватия құрамасы пенальти сериясында Бразилия құрамасын жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

«Education city» стадионында өткен негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта командалардалар 1:1 есебімен аяқтады. 105+1-минутында Неймар гол соқса, 117-минутта Бруно Петкович есепті теңестірді.

Пенальтилер сериясында хорватиялық ойыншылар дәлірек болды – 4:2 есебімен, әлеп чемпионатының фавроиті Бразилия құрамасы жеңіліс тапты. Қақпашы Доминик Ливакович Родригенің соққысын қайтарса, Маркиньос бағанаға дәл тиді.

Еске сала кетейік, Хорватия ендігі кезекте Катарда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында Астана уақытымен 01:00-де басталатын Нидерланды мен Аргентина матчының жеңімпазымен ойнайды.