Алан Құрманғалиев – Əлем чемпионы атанды

Алан Құрманғалиев – Əлем чемпионы атанды
Теннис

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы Əлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Қазақстандық 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) сенімді ұтты. Есеп: 3:0.

Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.

Аланның жеңісін тарихи нәтиже деп бағалауға болады. Ол – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам.

Еске сала кетейік, жастар арасындағы Əлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.