2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты: жартылай финалдың екінші жұбы анықталады

2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты: жартылай финалдың екінші жұбы анықталады
Футбол

Бүгін, 10 желтоқсанда Катарда 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалының финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Дохадағы "Эль-Тумама" стадионында Марокко мен Португалия құрамалары әлем чемпионатының 1/4 финалындағы ойынын өткізеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады. 

21:00 Марокко - Португалия

Англия мен Франция құрамалары Эль-Хорадағы «Эль Байт» деп аталатын аренада ойнайды. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады.

2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты Катарда 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтуде. Катар бұл турнирді алғаш рет өткізіп отыр. Чемпионатты күнтізбелік жылдың соңында өткізу туралы шешім климаттық жағдайларға байланысты қабылданды.