Шорт-тректен әлем чемпионатының кезекті кезеңі басталды

Шорт-тректен әлем чемпионатының кезекті кезеңі басталды
Қысқы спорт

Алматыда шорт-тректен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бір күн бұрын Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында барлық қашықтық бойынша іріктеу жарыстары өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бірінші күні біліктіліктен сәтті өтті:

- 1500 метр, әйелдер - Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева, Мадина Жанбусинова (жартылай финал);

- 500 метр, әйелдер - Яна Хан (ширек финал);

- 1500 метр, ерлер - Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Қажғали Нұртілек, Еркебұлан Шамуханов (жартылай финал);

- 1000 метр, ерлер - Еркебұлан Шамуханов (ширек финал);

- 500 метр, ерлер - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Санжар Жәнісов (ширек финал).

Жарыстың жартылай финалына әйелдер мен ерлер эстафеталық командалары шықты.

Сондай-ақ, бүгін негізгі жарыстарға жолдама алмаған спортшылар ертеңгі қайталау жарысында тағы да бір мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, Алматыда 9-11 желтоқсанда шорт-тректен әлем чемпионатының кезеңі өтуде.