Лионель Месси келесі әлем чемпионатына қатыспайды

Лионель Месси келесі әлем чемпионатына қатыспайды
Футбол

Лионель Месси карьерасында соңғы рет әлем чемпионатына қатысып жатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

"Мен бұған қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Финалда соңғы кездесуімді өткізіп, әлем чемпионаттарындағы карьерамды аяқтаймын", - деді Месси.

Месси ұлттық құрамадан кетер алдында тағы бірнеше матч өткізетінін жоққа шығармады. Бірақ ол 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетсе, Аргентина құрамасында бұдан былай ойнамау туралы да шешім қабылдауы мүмкін.

Еске салайық, Аргентина жартылай финалда Хорватияны (3:0) жеңді. 

Финал 18 желтоқсанда, үшінші орын үшін матч 17 желтоқсан күні өтеді.