Криштиану Роналду "Реал Мадридте" жаттығуды бастады

Криштиану Роналду
Футбол

Криштиану Роналду "Реал Мадрид" базасында жаттығуды бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Relevо сайтына сілтеме жасап.

Футболшы "Реал Мадрид" клубынан "Вальдебебас" спорт кешенінде жаттығуға рұқсат алды. Ойыншы «Реал Мадрид» ойыншыларынан бөлек Карло Анчелоттидің жетекшілігімен жаттығады.

Дереккөзге сүйенсек, Роналдудың клуб ойыншыларымен мүлдем араласпағанын атап өтті. «Реал Мадрид» қазіргі уақытта 37 жастағы португалиялықпен келіссөз жүргізуге қызығушылық танытып отырмағанын мәлімдеген.

Криштиану Роналду қазір - еркін агент, ол қарашада екі тараптың келісімі бойынша «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шартын бұзды. Бұқаралық ақпарат құралдарында шабуылшының карьерасын Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында жалғастыруы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болған еді. Роналду бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

2022 жылғы әлем чемпионатында Роналду Португалия құрамасымен бірге ширек финалға шықты, ойында Мароккодан жеңілді (0:1). Шабуылшы турнирде 5 кездесуде 1 гол ғана соқты.