«Манчестер Юнайтед» Нидерланды құрамасының шабуылшысын сатып алуға дайын

«Манчестер Юнайтед» Нидерланды құрамасының шабуылшысын сатып алуға дайын
Футбол

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» Нидерланды құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо үшін 50 млн еуро төлеуге дайын, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

"The Telegraph" басылымының хабарлауынша, ағылшын клубы қысқы трансферлік кезеңде голландиялық жаа жұлдызға 50 миллион еуро ұсынуды жоспарлап отыр. Гакпо клуб арасындағы келісім-шартты бұзған Криштиану Роналдудың орнына келеді деп жоспарлануда. 

"ПСВ" шабуылшысы 2022 жылғы әлем чемпионатына Нидерланды құрамасының үздік ойыншыларының бірі болды. Әлем чемпионатында бес кездесуде ол үш гол соқты. Гакпо клубтық маусымды да сәтті бастады, Эредивизияда 14 матчта тоғыз гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.