Хорватиялық футболшы әлем чемпионатының тарихына енді

Хорватиялық футболшы әлем чемпионатының тарихына енді
Футбол

Йошко Гвардиол Хорватия құрамасы үшін тарихтағы әлем чемпионатындағы ең жас гол соққан футболшы (20 жас 328 күн) атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Айта кетейік, Гвардиоль 22 жас 267 күнде 2002 жылғы әлем чемпионатында Италия қақпасына гол соққан Ивица Оличтің жетістігін басып озды.

Еске сала кетейік, 17 желтоқсанда Хорватия - Марокко кездесуінде Катарда өткен әлем чемпионатының 3-орын иегері анықталады.

Аргентина мен Франция арасындағы финал 18-і күні өтеді.