Әлем чемпионатының финалы экстра-таймға ұласты

Әлем чемпионатының финалы экстра-таймға ұласты
Футбол

Катардағы әлем чемпионатының жеңімпазы негізгі уақытта анықталмай, Аргентина - Франция матчы экстра-таймға ұласты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ойын есебі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің 23-минутта пенальтиде соққан голымен ашылған. Одан кейін 36-минутта ди Мария есепті 2:0-ге жеткізіп, Аргентинаның жеңіске деген мүмкіндігін ұлғайтқан. Алайда Франция құрамасының 22 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппе 80-минутта пенальтиден гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Ал араға 1 минут салып дәл осы Мбаппе дубль авторы атанып, таблодағы көрсеткішті теңестірді. Төрешілер екінші таймға 8 минут қосқан. Алайда бұл уақыт нәтижелі соққысыз өтіп, ойын экстра-таймға ұласты.