Дамир Исмағұлов UFC-де алғаш рет жеңіліп қалды

Дамир Исмағұлов UFC-де алғаш рет жеңіліп қалды
Жекпе-жек

Қазақстандық спортшы Дамир Исмағұлов Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night турниріне қатысып, армениялық Арман Царукяннан жеңіліс тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Үш раундқа есептелген кездесуде Арман Царуканян қазақстандық спортшыны бірнеше рет тейкдаунға жіберген, алайда Дамир Исмағұлов жігер танытып, жекпе-жекте әрі қарай жалғастырды. Алайда бұл жеңіс үшін жеткіліксіз болып, қазақстандық жекпе-жек шебері төрешілердің шешімімен 30:27 есебімен жеңіліс тапты.

Бұл Дамир Исмағұловтың мансабындағы екінші, ал UFC-дегі алғашқы жеңілісі.