Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатында "Үздік сұрмерген" атанды

Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатында
Футбол

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды, - деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол финалда Аргентинаға қарсы ойында хет-трик жасады. Осылайша ол Катарда өткен әлем чемпионатында сегіз гол соғып, мергендер тізімінде бірінші орынға шығуына мүмкіндік берді.

Ал Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси екінші орында, оның еншісінде жеті гол бар.

Еске сала кетейік, финалдық шешуші матчта Аргентина Францияны пенальтилер сериясында ұтқан болатын.