Франциялық шабуылшы "Арсенал" футбол клубына ауысуы мүмкін

Франциялық шабуылшы
Футбол

«Арсенал» футбол клубы «Боруссия» мен Франция құрамасының шабуылшысы Маркус Тюрамды сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Немістер әлем чемпионатының күміс жүлдегері үшін 12 миллион талап етпек. Маркус Тюрамның «Боруссиямен» келісім-шарты келесі жазда аяқталуына байланысты аз сома талап етіп отыр. Неміс клубы ойыншыны келісім аяқталғанда тегін жібергенге қарағанда, қазір ақшаға ауыстырғанда жөн көріп отыр.

Ағылшын клубының бас бапкері Микель Артета жарақат алған шабуылшы Габриэль Жезустың орнын францудық шабуылшымен алмастырмақшы. 

Франция құрама сапында Тюрам Катарда өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, оның командасы Аргентинадан жеңіліп қалды (3:3, 2:4 пен.). Турнирдің бес кездесуінде шабуылшы екі нәтижелі пас берді.