Лионель Месси 2022 жылдың үздік спортшысы атанды

Лионель Месси 2022 жылдың үздік спортшысы атанды
Футбол

Аргентиналық жұлдыз және 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы Лионель Месси BBC арнасының 2022 жылдың үздік спортшысы атанды. Аргентина құрамасының капитаны мен көшбасшысына "BBC Sports Personality" арнайы "World Sport Star" сыйлығы табысталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл сыйлық жыл бойы әлемдік деңгейде ең маңызды жетістікке жеткен спортшыға беріледі. Лионель Месси Аргентина құрамасымен 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын жеңіп, турнирдің үздік ойыншысы атанды. Катарда ол қарсыластар қақпасына жеті гол соқты, оның екеуі финалда Франция қақпасына соқты.

Сонымен қатар, аргентиналық ойыншы футболдан әлем чемпионатының бірқатар рекордтарын жаңартты.

Өткен жылы Рэйчел Блэкмор (Ирландия) BBS нұсқасы бойынша әлемнің үздік спортшысы деп танылды. Ол өзінің 182 жылдық тарихында беделді "Grand national" турнирін жеңіп алған алғашқы әйел жокей болды.