Месси - соңғы әлем чемпионатының ең көп соққы жасаған ойыншысы

Месси - соңғы әлем чемпионатының ең көп соққы жасаған ойыншысы
Футбол

ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси соңғы әлем чемпионатындағы ең көп соққы жасаған ойыншы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл рейтингте екінші орын француз Килиан Мбаппеге бұйырды. Оның әріптесі Оливье Жиру үшінші орында. 

2022 жылғы әлем чемпионатында Месси қақпаға 33 соққы бағыттады. Килиан Мбаппе қарсыластар қақпасына 32 соққы, Жиру өз кезегінде 16 соққы бағыттаған.

Ал гол саны бойынша әлем чемпионатының финалында Килиан Мессиге қарағанда бір гол артық соқты.