Польша ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Польша ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
Футбол

Польша құрамасының бас бапкері Чеслав Михневич ұлттық құраманың бапкерлік қызметінен кетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Польша футбол қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Польша футбол одағының президенті Сезар Кулешт:

«Біз Чеслав Михневичке жаттықтырушы ретінде 11 айлық жұмысы үшін алғыс айтамыз. Өздеріңіз білесіздер, ол команданы өте қиын кезеңде қабылдады. Осы жағдайларға қарамастан, ол 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып, Ұлттар лигасындағы орнын сақтап қалды. Ол сондай-ақ ұлттық құраманы 36 жылдағы бірінші әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін жеткізді. Бұл үшін Чеслав Михневич алғысқа лайық», - деді.

Чеслав Михневич 2022 жылдың 31 желтоқсанында қызметінен ресми түрде кетеді. Еске сала кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Польша құрамасы Аргентина, Сауд Арабиясы және Мексикамен ойнаған топтан шықты. Турнирдің 1/8 финалында поляктар Франциядан (1:3) ұтылып, әлем чемпионатынан шығып қалды.