"Реал Мадрид" Килиан Мбаппені 1 млрд еуроға сатып алуға дайын

Футбол

"Реал Мадрид" бірнеше жылдан бері Килиан Мбаппеге қызығушылық танытып жүр. Әр маусым сайын француздық шабуылшының мансабын жалғастыруы туралы көптеген қауесеттер жарияланады. Соңғы тараған ақпарат ақылға қонымсыз деңгейге жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

"Реал Мадрид" Мбаппенің трансферіне 1 миллиард еуро жұмсауға дайын деген ақпарат кең тарауда. Бұл сомаға төлемнің құны, жалақы және әртүрлі бонустар кіреді.

Мбаппенің трансферлік құны неге сонша қымбат?

Килиан Мбаппенің трансфері әлемдегі ең қымбат трансферлердің бірі болатыны анық. "ПСЖ" бастықтары французды 300-350 миллион еуроға бағалап отыр, бұл Неймардың трансферлік құнынан 100 миллион еуроға артық. Ал париждіктердің 20 жастағы Мбаппеге трансфер үшін төлеген ақшасынан екі есе көп. Мбаппе "ПСЖ" клубына 2018 жылы Монакодан ауысып келген. Transfermarkt порталының мәліметінше, трансфер бонустарды есептемегенде 145 миллион еуроны құраған.

Килиан Мбаппе төрт жыл ішінде әлемнің ең үздік ойыншыларының біріне айналды. Париждіктер сапында төрт дүркін Франция чемпионы атанды, екі рет Франция лигасының кубогын және елдің суперкубогын жеңіп алды, үш рет Франция кубогын жеңіп алды. Франция құрамасымен бірге 2018 жылы әлем чемпионы, 2022 жылы вице-чемпион атанды.

Дереккөздің мәліметінше, француздың клубтағы жалақысы мен бонустарын есептегенде 630 миллион еуродан асуы мүмкін. "ПСЖ" клубымен Мбаппенің қазіргі келісімшарты екі жылға жасалған, оны тағы бір маусымға ұзарту да мүмкін.