Анхель Ди Мария ұлттық құрамадағы мансабын аяқтай ма?

Анхель Ди Мария ұлттық құрамадағы мансабын аяқтай ма?
Футбол

"Ювентус" пен "Аргентина" құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұған дейін аргентиналық жартылай қорғаушы Катарда өтетін әлем чемпионаты ұлттық құрамадағы соңғы турнирі болатынын айтқан болатын.

Дереккөздің хабарлауынша, 34 жастағы жартылай қорғаушы ұлттық құрамада әлем чемпионы ретінде өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

2022 жылғы әлем чемпионатындағы аргентиналықтардың жеңісінен кейін шабуылшы Лионель Месси өзінің де Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтамайтынын айтты.

Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Францияға қарсы ойында (3:3, 4:2 - пен.) Ди Мария кездесудің негізгі уақытында бір гол соқты. Ол ұлттық құрама сапында барлығы 129 матч өткізіп, 28 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді.